• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
«Бек Эйр» авиакомпаниясы Моңғолияға тұрақты ұшатын рейс ашпақшы 03.10.2014

Бастапқы кезеңде аптасына бір рейс жасалатын болады. Жолаушы және жүк ағынының ұлғаюына қарай рейстің жиілігі көбейетін болады.

Жаңа рейстің ашылуына Қазақстан мен Моңғолияның авиация биліктері арасында өзара түсіністік жөнінде Меморандумға қол қойылуы септескендігін атап өткен жөн.

«Біз Қазақстан мен қазақ диаспорасы көп Моңғолия арасын тікелей авиация қатынасы байланыстыру жөнінде екі жыл бойы келіссөз жүргіздік. Осы жылғы мамыр айында осыған сәйкес Меморандумға қол қойылды. Бұл бастаманың қазақстандық авиакомпаниялар, оның ішінде «Бек Эйр» тарапынан қолдау тапқанына аса қуаныштымыз. Қазір бұл авиакомпания, ақыр аяғында, Моңғолияның авиация билігінің ұшуларға рұқсатын алды, сөйтіп 4 қазаннан бастап Баян Үлгийге алғашқы ұшу сапарын жасайды», - дейді ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Талғат Ластаев.


Back to the list