• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
2020 жылға қарай БҚО аудан орталықтарына жаңа жолдар салынады – әкім 03.10.2014

«Мемлекет басшысының Үкіметке тапсырмасы бойынша облыс жолдарының құрылысына 20 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. Оның 6 млрд теңгесі биыл бөлінбек. Кейін 2015-2016 жылдары 7 млрд теңгеден аударылады. Нәтижесінде біз 2020 жылға қарай облыстағы аудан орталықтарының барлығын жаңа жолмен қамтамасыз етеміз», - дейді.

Оның айтуынша, биыл Қаратөбе және Шыңғырлау аудандарындағы жол құрылыстары аяқталмақ. Екі аудан орталығы мен ауыл ішіне де жаңа жол салынбақ. «Осы қарқынмен жұмыс істей беретін болсақ, 4-5 жылда облыстың барлық аудан орталықтарын жолмен қамтамасыз етеміз», - дейді әкім.

Сонымен қатар Н.Ноғаев облыстағы жолдардың 50 пайызының қанағаттанарлық деңгейде емес екенін де жоққа шығармайды.

Айта кету керек, автокөлік жолдарының жалпы ұзындығы 6530,55 шақырымды құрайды. Соның ішінде 1 мыңнан астамы республикалық, қалғаны облыстық және аудандық маңызы бар жолдар.

Камила Амирова


Back to the list