02.10.2014
Жиын барысында жобаны іске асыру мен тез арада шешім қабылдауды қажет ететін бірқатар өзекті мәселелер қозғалды.
««Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ теміржол құрылысы жөніндегі бас менеджер А.Қарабалин жиналғандарды құрылыс жоспарымен таныстырды. А.Қарабалинның айтуынша, құны 74 млрд теңгені құрайтын «құрғақ порт» жобасын жүзеге асыру ойдағыдай жүріп жатыр және келесі жылдың желтоқсанында аяқталады», - деп хабарлады облыс әкімдігінде.
Содан кейін аймақ басшысы тұрғын үй аймағының құрылысы мен «құрғақ порттың» маңында тиісті инфрақұрылымды дайындау мәселесіне назар аударды.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Қазақстан Темір Жолы» компаниясы трансұлттық мағынасы бар ірі логистикалық орталықтың құрылысын жүргізуде. «Құрғақ порт» стратегиялық маңызды бірегей жоба болады. Сондықтан да біз белсенді араласып қол ұшын беруге тырысуымыз қажет», - деді аймақ басшысы.