• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанда жыл басынан бері 1 406 487 шаршы метр жол жабындысы жөнделді – ҚазАвтоЖол 02.10.2014

«Республикалық маңызы бар жолдарда жоспарлы жұмыстарды жүргізу барысында 603894 шаршы метр көлемінде жолдағы ойықтар жойылды, жолдардың 16603 шаршы метрі аумағына белгі салу жұмыстары жасалды, 9220 жол белгілері ауыстырылды, 326 автопавильон мен алаң және 2491 кедергілер жөнделді, 14344 сигналды бағана орнатылып, 1398 бағыттаушы қойылды. Сондай-ақ, көпірлерде 1737 м көлемінде таяныштар орнатылды»,- деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» РМК баспасөз қызметі.

Айта кетерлігі, «ҚазАвтоЖол» РМК апта сайын жедел-технологиялық және селекторлық байланыс арқылы облыстық филиалдармен 2014-2015 жылдардың қысқы кезеңіне дайындалу жұмыстарын талқылайды.

Қар жауып қалатын және қиын өтілетін жолдарға арнайы жол техникасы бекітіледі. Жалпы, шығарылған техника саны – 2084 бірлік, оның ішінде 1 218 механизмінде GPS орнатылған, ол 59 пайызды құрайды, ал 195 техника бірлігі фотокамерамен жабдықталған.

Айта кетейік, қыс мерзімінде «ҚазАвтоЖол» РМК диспетчерлік қызметі күн сайын Инвестициялар және даму министрлігіне қозғалыстың шектелуі, ЖКО саны, автокөліктердің жағдайы туралы есеп беріп отырады. 


Back to the list