• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Экспресс-тасымалдау жолда жүру уақытын 2 есеге қысқартады -ҚТЖ 23.09.2014

ҚТЖ хабарлағандай, бұл қызмет түрі бүгінгі күні қызмет етіп жатқан әлеуметтік маңызы бар бағыттарға балама ретінде «Patentes Talgo S.А.» испандық фирмасы мен Астана қаласындағы «Тұлпар-Тальго» ЖШС вагон жасау зауытында шығарылған вагондардан жасақталған жүрдек пойыздар құрамын пайдалану арқылы республикамыздың ірі облыс орталықтары арасында жаңа пойыз қатынастарын ұйымдастыруды қарастырады.

Экспресс-тасымалдау кезінде жолда жүру уақыты 1,5-2 есеге қысқарады, пойыздың аялдамалары азайып, жүрдек пойыз қозғалысының жылдамдығы артып, құрылымы жағынан жүрдек бағытта қатынауға арналған жылжымалы құрам пайдаланылады,сонымен қатар ыңғайлылық пен сервистік қызмет көрсету деңгейі артады. 

2014 жылдың 1 қазанынан бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ үстіміздегі жылғы 14 қарашадан бастап аттанатын «Тұлпар-Тальго» пойыздарында жол жүруге динамикалық баға белгілеу жүйесін енгізеді. Жолаушы билетті ерте сатып алған жағдайда 35 пайыздық жеңілдікке ие болады. Оның үстіне пойыз жүрер уақыт жақындағанда сұранысқа сәйкес билет құны өзгеретін болады.

Мәселен, егер жолаушы билетті 41 күн бұрын сатып алса, жеңілдік 35 пайызды құрайды. Егер, «Тұлпар-Тальго» пойызына Астанадан Ақтөбеге дейінгі құны «Турист» вагонында 11632 теңге болса, жеңілдікпен ол 7561 теңгені құрайды.

Баға белгілеудің жаңа әдісі жолаушылар тасымалының тек авиациялық түрінде ғана емес, темір жол көлігінде де, соның ішінде еуропалық елдердің әлемдік тәжірибесінде де кең таралған.

 


Back to the list