• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстандық  жолдарды қысқа дайындауда 18.09.2014

«Қазақавтожол» РМК хабарлауынша, дайындық шаралары барысында жол техникасы, өндірістік кешен, шақырымдық көрсеткіш құрылғыларын жөндеу, қарды ұстап қалатын өсімдік пен шартақтар жолағын тазалау, уақытша жол белгілерін орнату мен оларды алмастыру, шоқалақтарды түзету, тайғаққа қарсы материалдарды дайындау жұмыстары жүргізілуде.

«Жалпы, республика деңгейінде 603144 шаршы метр жол тегістеліп, 9216 жол белгісі орнатылды, кейбірі алмастырылды, 325 автопавильон мен тұрақ алаңдары жөндеуден өтті, 14344 дабыл құралы мен 1397 шақырымдық көрсеткіштер орнатылды, сонымен қатар бірнеше жердің көпірлеріндегі қоршаулар алмастырылды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, әкімшілік полиция органдар мен ТЖ бөлімшелерінің келісімін алған қысқы қамту кестесіне сай автожолдың қысқы қолданысының  жұмыстары жүргізілуде. Оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында ауа райы болжамын беріп отыру туралы келісімге қол қойылды.

Бұрынғы жұмыс тәжірибелеріне сай, республикалық маңызы бар 23,5 мың км жолдың 3,3 мың км қар жиналатын жеріне жол техникалары бекітілді. Республикалық автожолдар желісіне 126 жылыту  пунктері қойылған.


Back to the list