25.08.2014
Автожолда құрылыс жұмыстары 2013 жылы 22 км ұзындығы бар 2 учаскеде басталған болатын. Қазіргі уақытта жалпы ұзындығы 109 км 5 учаскеде жұмыстар жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарында 5 мердігер мекеме іс атқаруда, жол–құрылыс техникасының 640 бірлігі, 5 бетон төсеу кешені мен 5 зауыт жұмылдырылған. 1 мыңнан астам адам жұмысқа тартылған.
«Мердігер мекемелермен барлық учаскелерде қазіргі таңда жер қазу жұмыстары өткізіліп, жасанды құрылыстар салынуда, коммуникациялардың қайта құрылысы мен «жол киімінің» құрылысы бойынша жұмыстар өтіп жатыр», - делінген хабарламада.
Ағымдағы жылдың қыркүйегінде тағы екі учаскеде мердігерлер анықталып, автожол түгелдей құрылыс жұмыстарымен қамтылатын болады.
Жылдың аяғына қарай бірінші 12 км жол пайдалануға беріледі деп күтілуде. Толығымен жобаны аяқтау 2016 жылға жоспарланған.