14.07.2014
Осымен қатар алдағы құрастыру үшін жабдықтар мен металл құрамалары әзірленуде.
2013 жылы келісім-шарт жасалған «ИртышГЭСстрой» ЖШС мердігер ұйымы жаю жұмыстары орындалды, уақытша дамба үйме жасалды, кіреберіс жолы салынды.
Шүлбі шлюзінің кеме жүретін құрылымын салудың мақсаты – Шүлбі су қоймасының максималды толу жағдайларында шлюзді көктемгі және күзгі су тасқын мерзімдерінде қауіпсіз пайдалану қамтамасыз ету және Ертіс аумағының төменгі жағында орналасқан елді мекендерін су тасқынынан болдырмау.
Анықтамалық: кеме жүзетін шлюз — кемелердің су деңгейлері әр түрлі бір бассейннен екіншісіне өтуін қамтамасыз ету мақсатында салынатын кеме жүзетін және су жолдарындағы гидротехникалық құрылымдар. Шлюздің екі жағынан қақпалар салынып, араларында камера орналасқан. Ол өз шекарасында су деңгейін қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Кеме көтергіштеріне қарағанда, оның артықшылығы – техникалық жабдықтандыру жағынан оңай және арзандау келетіндігі.