11.07.2014
« Жаңартылған құрам Маңғышлақ станциясынан 2014 жылдың 14 шілдесінен, ал Бейнеу станциясынан 15 шілдеден бастап жолға шығады. Жолаушыларға ыңғайлы әрі жайлы болу үшін жаңа вагондар ауа баптау, бейнебақылау жүйелерімен, «Жүгіртпе жол» таблосымен (ақпарат қазақ және орыс тілдерінде таратылады) және де басқа да техникалық жаңашылдықтармен жабдықталған. Ал, құрамның қолданыстағы кестесі, ұсынылған орындар саны және жол жүру құны өзгеріссіз қалады», - делінген хабарламада.
Айта кету керек, «Қала маңындағы тасымал» АҚ Маңғыстау облысы станциялары мен елді мекендері тұрғындарының өтініштері бойынша Маңғышлақ-Бейнеу қатынасындағы №657/658 жолаушылар поезын 2014 жылдың ақпанынан бастап іске қосқан болатын.
Аталған маршруттың шығындарын жабу үшін облыс әкімдігі субсидия бөлді. Маңғышлаққа жұп күндері келеді және жұп күндері жолға шығады, ал Бейнеуден тақ күндері келеді және тақ күндері жолға шығады.