• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан мен Венгрия биліктері ел астаналары арасында авиарейстің ұшуын құптады 06.06.2014

Жақында Будапешт қаласында өткен Венгрия-Қазақстан Үкіметаралық комиссия отырысының барысында тараптар астаналар арасында тікелей авиарейс ашуды құптады. Жақын арада елдеріміздің авиациялық биліктері сарапшылар деңгейінде аталған мәселе бойынша келіссөздер өткізуді жоспарлаған, деп көлік және коммуникация министрлігінде хабарлдады.  

"Біз аталған рейстің ашылуын құптаймыз. Жақын арада біздің елдеріміздің арасындағы қолданыстағы Әуе қатынас туралы үкіметаралық келісімді жетілдіру мәселелерін талдау мақсатында біз венгриялық әріптестерімізбен кездесу өткізуді жоспарлап отырмыз» деп ҚР ККМ Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Талғат Ластаевтың мәлімдеді.


Back to the list