• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ҚХР-да қазақстандық-қытайлық логистикалық терминал құрылысының  ашылу рәсімі өтті 19.05.2014

Мемлекет басшылары телекөпір режімінде қазақстандық-қытайлық логистикалық терминалдың бірінші кезегінің ашылуын бастап берді.

Ляньюньган порты – дамыған көлік инфрақұрылымы бар, әлемнің 25 ірі портының бірі саналады. Қазақстан-қытай терминалының құрылысына бөлінген жүк тиеу аймағы – 21,6 га.

Терминал құрылысы Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне, Австралияға және Канадаға жіберілетін, сондай-ақ осы елдерден келетін қазақстандық транзиттік жүктерді сұрыптау және ауыстырып тиеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, экспорттық-импорттық және транзиттік қатынастардағы көліктің барлық түріндегі тасымалдаушыларға толыққанды қызмет көрсететін болады. 


Back to the list