17.05.2014
«Шекарадағы «Қордай», «Қалжат», «Қонысбаев» өткізу пунктінің жөндеу жұмыстары 2014-2015 жылдары жүргізілмек», - деді ол.
Оның айтуынша, жиында электронды декларациялау, тауар мен қызметтер импорты, құжаттарды беруде ақпарат алмасудың электронды түріне өту процедураларын енгізуге ерекше көңіл аударылуда.
«Бұл кедендік рәсімдеу шараларын жеңілдетіп, шекарадағы өткізу процестерінің мүмкіндіктерін арттырмақ», - деді ол.
Сонымен қатар, Кедендік органның ветеринарлық бақылау өткізу және шекаралық транспорттық-логистикалық орталықты дамыту туралы айтты.
«Кедендік органдарға ветеринарлық және фотосанитарлық бақылау мәселелерін кедендік органдар тарапынан бақылау мен транспорттық-логистикалық орталықты дамыту заңнамасы мен өзге де тиісті нормалар үкімет отырысында қарастырылады», - деді ол.