15.05.2014
Конференцияға 20-дан астам елдің 300 өкілдері қатысады деп күтілуде. Олардың ішінде Еуропа, Азия, ТМД, Балтық елдері көлік ведомстволарының өкілдері, дипломаттық корпустардың басшылары, 15-ке жуық халықаралық және қаржы ұйымдарының өкілдері, 100 шетел көлік компаниялары және Қазақстанның 60-тан астам ірі компаниялары бар, деп ұйымдастырушылар хабарлады.
Конференция алаңында «Кытай-Қазақстан-Каспий-Кавказ-Түркия-Еуропа» контейнерлік пойызын іске қосылуын реттейтін Silk Wind жобасы бойынша Қазақстан, Турция, Әзірбайжан және Грузия үкіметтері арасындағы Келісімге қол қойылады.
Одан тыс, Конференция шеңберінде ағымдағы жылдағы мамырдың 20-22 аралығында «Көрме» орталығында «Транзит Қазақстан-2014» Халықаралық көрмесі өтеді. Көрмеде Еуроазияттық аймақ көлік индустриясының соңғы жетістіктерінің таныстырылымы өтеді.
Сонымен бірге конференция шеңберінде ТРАСЕКА Үкіметаралық Комиссиясымен «Қара теңіз-каспийлік транзит» сессиясының өткізілуі және Түрік Одағы елдерінің көлік министрлерінің 2-ші кездесуі жоспарланған.
«ТрансЕуразия-2014» Халықаралық конференциясы 1997 жылдан бастап көлік инфрақұрылымы дамуының, еуразиялық бағыттағы транзиттік тасымал көлемінің өзгерістерін талқылаудың және транзитке арналған көлік және логистика жүйелерін көрсетудің алаңы екенін еске саламыз.