• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» магистралі елімізде транзиттік тасымалды 10 есеге  арттыруға  мүмкіндік береді 04.05.2014

««Батыс Еуропа - Батыс Қытай» көлік дәлізінінің құрылысы масштабты «Қазақстан - жаңа Жібек Жолы» жобасының бір бөлігі болып табылады.  Жоба 2050 жылға дейін еліміз арқылы транзиттік тасымалды 10 есе арттыруға бағытталған. Ағымдағы жылы құрылысын бітіретін жаңа 1500 км созылған және Қытайдан бастап Каспий теңізіне Түркменстан, Иран, Парсы бұғазы арқылы өтетін теміржол шын мәнінде ескі  Жібек жолы болып табылады», - деп Мемлекет басшысы өз сенімін білдірді.

Сонымен қатар, Елбасы атап өткендей, аталмыш мега-жобада заманауи  көлік-логистикалық жүйесін құру көзделген. Ол өз кезегінде жүктің уақытылы, әрі қауіпсіз жеткізілуін қамтамасыз ететін болады.

«Көне Жібек Жолын жаңғырту экономикалық-әлеуметтік дамуға, саяси тұрақтылыққа, процеске, гүлденуге,  оның бағыты бойынша орналасқан барлық мемлекеттерде бейбітшіліктің орнауына септігін тигізеді», - деп Президент сендірді.


Back to the list