11.04.2014
«Жақын арада бірлесіп сараптамалық жұмысты жүргіземіз және «Әбу-Даби Плаза» кешенінің құрылысы барысында пайдалануға болатын отандық құрылыс материалдардың тізімін жасақтаймыз», - деп «NADLoC» қазақстандық қамту бойынша ұлттық агенттік» АҚ төрағасы Қайрат Бектүргенев мәлім етті.
Естеріңізге сала кетейік, Премьер-Министрдің орынбасары - индустрия және жаңа технологиялар министрі Астанада «Әбу-Даби Плаза» ғимаратын көтеру барысында отандық құрылыс компанияларды тартуды тапсырған еді.
ИЖТМ хабарлағандай, жоба шеңберінде БАӘ инвестиция көлемі 1,6 млрд. долларды құрайды. Жалпы «Әбу-Даби Плаза» нысаны ТМД ең биік тұрғын үй кешені болады деп жоспарлануда. Құрылыс 2017 аяқталады деп белгіленген.
«Біз өз тарапымыздан серіктестікке және жобаға қазақстандық мамандарды тартуға дайынбыз. Бүгінде жоба жұмысшыларының 75% Қазақстан азаматтары. Жеткізушілер ішінен біз жаңалыққа ұмтылатын және өз тәжірибесімен бөлісуге дайын компанияларды көрсек деп едік», - деп «Алдар
ЕуроАзия» ЖШС бас директоры Эльяс Дибб ағынан жарылды.
Астанада 2014 жылдың 28 сәуірінде Премьер-Министрдің орынбасары - индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевтың төрағалығымен «Әбу-даби Плаза» кешенінің құрылысы барысында қазақстандық қамту үлесін арттыруға арналған кеңейтілген отырыс өтеді.