08.04.2014
«Жол жөндеу бойынша байқау ұйымдастырылып, құрылыс жұмыстарын қолға алатын компаниялар анықталды. Қазірден бастап олар жұмысқа кірісуде. Құрылыс жұмыстарымен бірнеше кезең арқылы жасалып, 2016 жылы толықтай аяқталмақ», - дейді «ҚазАвтоЖол» РМК оңтүстік қазақстандық бөлімшесінің атқарушы директоры Нұрлан Қасымбаев.
Азия даму банкімен қаржыландырылатын Шымкент-Ташкент жол учаскісі төрт жолақты қозғалысқа арналған цемент-бетонды болады. Жолаушылардың қауіпсіздігі үшін жол орталарына кедергілер орнатылып, қарсы бағытқа өтуге мүмкіндік берілмейтіндей етіп жасалады, деп хабарлайды облыс әкімдігі.
Сонымен қатар, учаскіде транспорттық жолайрықтар мен 5 жол өткелі салынады.
Аталмыш учаскінің жиегіне Бадам жаңа қалалық демалыс орны салынады, аталмыш орын таяу арада ашылады деп жоспарлануда.
Айта кету керек, Шымкент-Ташкент тасжолына қазірде 40 жылдай болған. Бұл жол «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізінің бір бөлігі екені белгілі.
Хабарламада айтылғандай, жақында Шымкенттің айналма жолының құрылысы аяқталады деп күтілуде. Және де Кентау мен Түркістанға бағытталған тас жолдың жөндеу жұмыстары аяқталмақ.