11.07.2017
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі қазіргі уақытта республикалық маңызы бар «РФ шекарасы (Екатеринбургке) – Алматы» автомобиль жолының 1855-2152 км «Балқаш – Бурылбайтал» ұзындығы 297 км учаскесін реконструкциялау жобасын іске асыру үшін Дүниежүзілік банктің қаражатын тарту бойынша жұмыстар жүргізуде.
Автомобиль жолының учаскесін 4 қозғалыс жолақтарымен I-б техникалық санатқа ауыстыру жоспарлануда.
«Балқаш – Бурылбайтал» автомобиль жолының учаскесін реконструкциялау жобасында өткізілген қауіпсіздік аудитінің нәтижесі бойынша ҚР ИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сәтжан Аблалиев Дүниежүзілік банктің халықаралық кеңесшісі Люк Роджерспен кездесті.
Аудиттің мақсаты – iRAP әдістемесін қолданып, қабылданған жобалық шешімдерді талдау және қауіпсіз жол қозғалысын ұйымдастыру үшін тиісті ұсыныстар әзірлеу.
Нәтиже қорытындысы бойынша жоба 4* (4 жұлдызды) жоғары бағаға ие болғанын атап өту қажет. «Жұлдызды баға» автомобильшілерге, мотоцикл жүргізушілеріне және жаяу жүргіншілер үшін қауіпсіздік деңгейін анықтау бойынша қалыпты және объективті шара болып табылады. Бес жұлдызды жолдар ең төмен тәуекелдікті, ал бір жұлдызды жолдар ең жоғары тәуекелдікті білдіреді.
Жол қозғалысы қатысушылардың маңызды жарақат алу және өлім-жітімдер тәуекелділігін төмендететін жол қауіпсіздігі бойынша ұсынылатын шаралары талқыланды. Қауіпсіздікті арттыруға бағытталған шаралардың көбі қолдау тапқан және құрылыс-монтаж жұмыстарының барысында қолданылады. Жоба аяқталғаннан кейін автожол учаскесін пайдалануға берген кезде мүмкіндігінше 5* (бес жұлдызды) бағаға жету жоспарлануда.