• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада  125 ауланы абаттандыру  жоспарланған 03.07.2017

Бүгінде бұл жұмыстардың 60 пайызы орындалды. 

Қоғамдық кеңістіктер халықты бір-біріне тартуда таптырмас шешім. Оның құрамы тек балаларға арналған ойын алаңдарын ғана біріктірмейді, сондай-ақ ересектер мен балаларға арналған жаттығу алаңдары, демалыс орны мен логистикалық инфрақұрылым: көлік тұрағы, өтпежолдар мен жаяужолдар қарастырылған.

Бірінші кезекте бұндай кеңістік қаланың аулаларын дамыту мен абаттандыру үшін қажет. 

Бүгін «Сарайшық» КТК, «Тұрсын Астана» ТК, Ғабдуллин 4/1 және Бараев 13 көшелері бойынша үйлердің арасындағы учаскеде қоғамдық кеңістік жұмыс істей бастады. 

Аумақтарда спорт алаңдары қайта қалпына келтірілді, тұрақтар мен балалар ойнау алаңы абаттандырылды. Жаттығу құрылғылары бар арнайы аймақ құрылды.

Көгалдандыру және аумақтың жалпы күйін жақсарту бойынша жұмыс атқарылды: бабалар ойнайтын алаңдар мен газондардың қоршауы қойылып, ағаштар отырғызылды.

 


Back to the list