01.06.2017
Биыл 507 миллион теңге сомасына 20 ауланы абаттандыру жоспарланып отыр, оның 3-уі өткен жылда басталған. Мердігерлер хабарлағандай, барлық аулалар жаздың соңына дейін жөнделмек.
Қалада барлығы 386 аула аумағы бар деп есептеледі, бүгінде оның 67%-ында асфальт төселген.
Облыс әкімі Алтай Көлгінов және қала әкімі Нариман Төреғалиев жол төсемдері мен кіреберіс жолдары жөнделіп жатқан бірнеше аулада болды.
«Мердігерлерге міндеттер қойдық: олар барлығын сапалы және мерзімінде аяқтауы тиіс. Алайда, қандай да бір наразылықтарыңыз болса, маған немесе қала әкіміне хабарлаңыздар », - деді тұрғындарға Алтай Көлгінов.
Сондай-ақ, биыл 166 миллион теңге сомасына 2 саябақ абаттандырылмақ.
Өткен жылы қалада 247 миллион теңге сомасына 17 аула аумағы абаттандырылған.