18.05.2017
Қала әкімдігінің мәліметі бойынша ағымдағы жылы 34 мекен-жай бойынша 10 көшелер мен тротуарларға жөндеу жұмыстары, 19,7 шақырым қашықтықты жарықтандыру жоспарланған және 80 аула аймағына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша жобалық-сметалық құжатнама жасақталды.
Сонымен қатар, Арбаттағы «Переговорный» субұрқағына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделген. Бүгінде ұзындығы 7,8 шақырым арық желілері мен кәріз жүйелерін күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық сметалық құжатнама дайындалуда.
Жалпы, қаланың келбетін жақсарту үшін заңды тұлғалар мен ПИК есебінен басты даңғылдардың бойныша орналасқан 5 тұрғын үй жөнделді. «Тұрғын үй- коммуналдық шаруашылықты жаңғырту» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жыл басынан 5 тұрғын үйдің 13 жедел сатысы ауыстырылды.