• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Алматыдағы Наурызбай ауданы нысандарының дайындығы 80-90% құрады 17.05.2017

Наурызбай ауданының құрылғанына үш жыл толуы қарсаңында 1200 орынды мектептің, 500 адам қатынайтын аурухананың, аудандық ішкі істер департаменті мен әкімдік, ХҚКО, АХАЖ, прокуратура, сот және басқа қызметтік мекемелер орналасатын нысандар пайдаланылуға беріледі. Бүгінгі күні олардың дайындығы 80-90%, айналасы абаттандырылуда.

Жалпы, Жалпы, Наурызбай ауданында биыл сумен қамтамасыз етудің 107,5 км желісін, суды бөлудің 81,2 км желісін, Ақсай, Қарғалы фильтрлі тазартқыш екі станцияларын салу жоспарланған, сол арқылы Таусамалы, Таужолы, Шұғыла, Тастыбұлақ ,Ақжар, Құрамыс,Қарғалы, Қарағайлы,Жайлау сынды елді мекендерді орталықтандырылған су жүйесіне қосылатын болады. Ұзындығы 24,4 км болатын кәріздік коллектр тұрғызу да жоспарланған.

Ауданда Абай даңғылы Әуезов көшесінен Қалқаман ықшам ауданынан қала шекрасына дейін үңгілеу жұмыстары жүруде, Жандосов көшесі, Сайын көшесінен Таусамалы поселкесіне дейін ұзындығы 2,08 болатын жолда күрделі жөндеу жұмыстары жүруде, көшелердің қозғалыс бөлігі төрт жолаққа дейін кеңеюде, Қарғалы өзенінің үстіндегі көпір қайта жасалуда, веложолдар мен тротуарлар салынуда. Ұзындығы 30 км болатын 30 көше мен Қалқаман және Алаш ықшам аудандарындағы 33 көшені орташа жөндеуден өткізу жоспарланған.


Back to the list