• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Өз үйін тұрғындардың өздері басқаруы керек 11.05.2017

«Өз үйіңді басқар» жобасы аясында «Пәтер иелерін өз үйлерін басқару үдерісіне тарту» тақырыбындағы семинар өтті.

Мақсаты – Астана қаласында орналасқан «Уют» ТҮК ҚБ тәжірибесін пайдалана отырып, Үй кеңесін құру және пайдалануын қолдау.

Жобаның міндеттері: - Үй жүйесін басқаруға көмек көрсету үшін жобаның аясында пилоттық 20 үйді іріктеу, солардың ішінде үй кеңестерін құру, өкілдерін оқытып үйрету;

- Таңдалған үйлердің басшыларына, Астана, әкімдігінің және ХҚКО қолдауына ие болу;

- Жобаның серіктестері болып табылатын 20 пәтердің иелерімен ашық диалог үшін порталда, жоба бетінде кезекті пікірталас өткізу;

- Бұқаралық ақпарат құралдарында тәжірибе мен ҮЕҰ «СК Уют» жетістіктерді жариялау;

- «Уют» ТҮК үлгісімен 20 үйде үй кеңестерін құру және белсенділікті қолдау;

- Жобаның шеңберінде алынған нәтижелері туралы ақпараттық науқан жүргізу.

Оған жоба консультанты, «Общественный защитник» РҚБ төрағасы Виктор Сыздықов, семинардың негізгі тренері, білікті маман Петропавл қаласындағы «Институт развития местного самоуправления» директоры Сергей Худяков сондай-ақ, жоба серіктестері болып табылатын пилоттық жоба бойынша алынған 20-пәтер иелерімен аталған жобаның байланыс кординаторы Гүлзифа Абиева, «Гранд Астана», «Кампус», «Алатау», «Территория комфорта-2», «Қаһарман», «Жағалау-3», «Орбита», «Уют», «Сказочный мир», «Градострой-3», «Гродокомплекс №4» КТҮ бастамашыл топ белсенділері қатысты. «Дөңгелек үстел» барысында «Өз үйіңді басқар» жобасы бойынша ҚР заңдары негізінде тұрғындардың құқықтық сауатын ашу, кондоминимум және ПИК мәселелері бойынша атқарылған нақты іс-шаралар, қоғамдық бірлестік құру маңызы, КТҮ басқару құқығын қайтару бойынша «Астана қалалық кондоминимум басқарудың қоғамдық органдар Ассоцияциясы» құру қажеттілігі туралы пікірлер тыңдалып, қатысушылар таратпа материалдармен қамтамасыз етілді.

Семинар қатысушылары арнайы сауалнамалар толтырып, ПИК, КТҮ мәселелері бойынша білгір маман С.Худяковтан дәріс алды.

Жалпы, «Уют» ТҮК ҚБ тәжірибесін пайдалана отырып, Үй кеңесін құру және пайдалану әдісі көпшіліктің көңілінен шықты. Екі күндік семинарға қатысушылар Тұрғын үй шаруашылығына, құжаттық негіздемелерге, ішкі ережерелген және Тұрғын үйді басқарудың тетіктеріне қатысты бірқатар кеңестер алды. Тұрғын үй құрылысы мен жылжымайтын мүлік мәселелеріне қатысты заңдар неге орындалмайды? Оларды орындату үшін не істеу керек? Қандай заңды жолдары мен тетіктері бар? Осы және басқа да мәселелер «Өз үйіңді басқар» жобасының келесі семинарының көтеретін мәселесі болмақ.


Back to the list