• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Батыс Қазақстанда 616 жаңа ғимарат пайдаланылуға берілді 02.05.2017

Аймақтың статистика департаментінен хабарлағандай, 2017 жылғы қаңтар-наурызда орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 14215,0 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2016 жылдың қаңтар-наурыз деңгейіне 118,3% құрады.

2017 жылдың  қаңтар-наурызында 616 жаңа ғимарат, оның ішінде 591 тұрғын үй және 25 тұрғын үйге жатпайтын ғимараттар пайдалануға берілді.

Үш айдын ішінде тұрғын үй құрылысына 7721,6 млн. теңге инвестиция бағытталған немесе 2016 жылдың қаңтар-наурыз деңгейіне 380,6%.
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 104,2 мың шаршы метрді құрады, пайдалануға берілген тұрғын үйдің нақты көлемінің индексі 2016 жылдың қаңтар-наурыз деңгейіне 219% құрады.

2017 жылғы қаңтар-наурызда бюджет қаражаты есебінен 8,4 мың шаршы метр жалға берілетін коммуналдық үйлер, жұртшылық қаражаты есебінен - 72,9 мың шаршы метр жеке тұрғын үйлер, кәсіпорынның меншіктік қаражат және басқа да қарыз қаражаттар есебінен - 22,9 мың шаршы метр тұрғын үйлер пайдалануға берілді.


Back to the list