• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ақтөбеде 115 жас отбасы баспаналы болды (ФОТО) 02.05.2017

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мәдениет, спорт, денсаулық сақтау, білім салаларының қызметкерлеріне пәтер кілттерін табыстады.

«Мемлекет басшысы жас отбасыларға, еңбек жастарына жағдай жасауға баса назар аударады. Сіздердің бүгін, яғни халық бірлігі күні баспаналы болуларыңыз қуантады. Бүгін пәтерді жас отбасылар иеленеді. Олар мұнда тек коммуналдық қызметтерге ғана ақы төлейді. Сіздердің алдарыңызда туған еліңіздің көркеюі үшін  тек сөзбен ғана емес, іспен де үлес қосу міндеті тұр. Бұл біздің азаматтық борышымыз. Мен кез келген қиындық пен проблемаларды бірлесіп шешетімізге сенімдімін», - деп атап өтті облыс әкімі.

Әкімдіктің ақпараты бойынша Жоба «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасының үшінші бағыты аясында іске асырылған. Жатақхана  жалпы аумағы 5,5 мың шаршы метрді құрайтын 115  бір және екі бөлмелі пәтерлерден тұрады.


Back to the list