24.04.2017
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 98 көпқабатты тұрғын үйде жөндеу жұмыстары жүріп, жыл соңына дейін аяқталады.
Атап айтсақ, аталған бағдарламамен Шымкент қаласында - 21 үй, Кентауда - 37 үй, Арыста - 9 үй, Сарыағашта - 13 үй, Шардарада - 8 үй, Мақтаралда - 10 үй.
Бағдарламаның шарттары бойынша күрделі жөндеуді жүргізу нәтижесінде жылу тұтынуды үнемдеуді, тұрғын үйдің инженерлік-инфрақұрылымын жаңғыртуды, тұрғындарға қолайлы жағдай жасауды көздейді.
Жалпы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 3152 көпқабатты тұрғын үй бар. Ол үйлердің басым бөлігі 1934-1990 жылдары салынуына байланысты тозу деңгейі өте жоғары. Бүгінгі таңда облыс бойынша 1393 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуді қажет етеді.
«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» бойынша 2011-2015 жылдары, яғни бес жыл ішінде республикалық бюджет есебінен облыстың 9 аудан, қалаларында 188 көп қабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өткен.