• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Биыл Қарағандыда Орталық саябақты абаттандыруға шамамен 500 млн теңге жұмсалады 18.04.2017

Жұмыстарды маусым айында бастау жоспарланған. Байқаудың қорытындысы бойынша мердігер анықталады. Бірінші кезеңде Газалиев көшесінен Ержанов көшесіне шығатын шағын көлге дейінгі гүлбақты абаттандыру қарастырылған. Жүгірумен және велосипед спортына әуес жандарға жаңа жолдар жасалмақ. Жобаға осы аймақты жарықтандыру мен көгалдандыру кіреді. Кәсіпкерлерге аттракциондар мен жылдам тамақтану дүңгіршектері үшін орын  ұсынылады.

«Меніңше, қалалықтар саябақтың батыс бөлігін дамыту жөніндегі бастаманы бағалайды. Бұл бізге үлкен рекреациялық аймақ құруға мүмкіндік береді. Біздің паркті жақсарту үшін инвесторлар тартамыз», - деді Қарағанды әкімі Нұрлан Әубәкіров.


Back to the list