07.04.2017
Бiрыңғай есептiк орталықтың директоры Динара Жұманованың айтуынша бүгiнде қаладағы 282 көпқабатты үйлердiң 50% ескiрiп, жөндеудi талап етедi, тағы 5 үйдi толықтай қайта қалпына келтiру керек.
ТКШ жаңғырту аясында осыған дейiн 36 көп қабатты үйдi күрделi жөндеуден өткiздiк, аалмыш бағдарламаны iске асыру үшiн бiзге 425 млн. теңгедей қаражат бөлiндi, 200 млн. теңгенiң шамасындағы қайтарымды қаражатқа бiз қосымша 11 үйдi жөндедiк, оның iшiнде 1 көпқабатты бос тұрған үйдi толық қайта қалпына келтiрдiк.
Бүгiнде Степногорда 143 пәтерлi бес үй бос тұр, оларды қайта қалпына келтiру үй кезегiн бiршама қысқартушы едi.