30.03.2017
Қала басшылары жаңаша көгалдандыру мен безендіру туралы шешім қабылдады. Жолдардың бойындағы қоршауларға гүл өсірілген құмыралар қойылады. Тіреуіштер әртүрлі болады: үш және бес аяқты. Орталық Бұқар жырау даңғылында мың құмыра орнатылмақ.
Сонымен қатар, жаңа шағын сәулеттік пішіндер де қаланың көркін келтірмек. Кейбір стелалар мен мен құрылыстар сәулеттік жарықтандырумен әрленеді.
Қала бойынша 10 жаңа шағын гүлзар жасау көзделген, деп хабарлады қала басшысы. Кеспе тас төсеу, жарықтандыру, көгалдандыру, орындықтар орнату және қоқыс жәшіктерін қою қарастырылған. Есептеулер бойынша ең қымбат шағын саябаққа 9,8 млн. теңге, ал ең арзанына 3,8 млн. теңге жұмсалады. Жұмыстар мамыр айында басталып, шілде-тамызда аяқталмақ.