15.03.2017
2016 жылы облыстың МКД ЭТҚ ҚСҚБТБ-ның өндірісінде 208 қылмыстық іс болып, оның ішінде 186 қылмыстық іс өндіріспен аяқталған. Мемлекеттік сатып алу қызметінде - 71 құқық бұзушылық, квазимемлекеттік секторда – 56, Ұлттық компаниялар бойынша – 7 құқық бұзушылықтар тіркелген.
Жедел ақпарат бойынша – 59 құқық бұзушылық анықталып, оның ішінде 43 сотқа жолданаған, - деп айтты спикер.
Мемлекеттік сатып алуды жүргізу барысында бюджеттік қаражатты жымқыру саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша Басқарманың өндірісінде 71 қылмыстық іс болып, оның ішінде 61 өңдірістен аяқталған, солардың ішінде 40 іс сотқа жолданған, 21 іс, олардың ішінде 9 іс келтірілген залалды өтеуіне байланысты ақталмайтын негіздермен өңдірістен қысқартылған.
Жоғарыда аталған істер бойынша анықталған келтірілген зиянның мөлшері 36,1 млн теңге, оның ішінде 6,4 млн теңге өндірілген. Және де қылмыстық істер бойынша бізбен 233 млн. теңге көлемінде мүлікке тыйым салынып, соттың шешімі бойынша мемлекеттің кірісіне өндірілді.
Мемлекеттік сатып алу саласында бізбен жедел ақпарат бойынша 50 құқық бұзушылық анықталып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.