28.02.2017
Семейдің су астындағы дюкерлері көп жылдан бері апаттық жағдайда тұрғаны белгілі.
Мамандардың айтуынша, тот басқан құбырлар кез келген уақытта жарылып кетуі мүмкін, ал оның құрамы Ертіске ағып кетуі ықтимал, ол экологияға зардабын тигізеді.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов 2018 жылы дюкерлерді жөндеу мәселесі алға жылжитындығын айтты.
«Бірқатар себептер бойынша жөндеу жұмыстары өткен жылдары жасалмады. Мен Семейде өте жиі боламын, келесі жылы кәріз дюкерінің жөнделуі басталатындығын сеніммен айта аламын. Жобаның құны 980 млн теңге», - деді Д.Ахметов.