• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Астанада  2017 жылдың қаңтарында 2 911 пәтер пайдалануға берілді 27.02.2017

«2017 жылғы қаңтарда тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестициялар көлемі 8909,0 млн. теңгені құрады, бұл 2016 жылғы қаңтардағы деңгейге қатысты алғанда 106%. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде тұрғын үй құрылысында игерілген қаражаттар үлесі 40,5%-ды құрады», - делінген  хабарламада.

Барлық қаржыландыру көздерінің есебінен 2911 пәтерлік тұрғын үйлер пайдалануға берілді, пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 302878 шаршы метрді құрады, бұл  2016 жылғы қаңтардағы деңгейден 71,5%-ға жоғары. Жеке салушылармен жалпы ауданы 2028 шаршы метр тұрғын үйлер салынған, бұл 2016 жылғы қаңтарға қатысты алғанда 17,3%. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемінде жеке тұрғын үй құрылысының үлесі  2016 жылғы қаңтардағы  6,6%-ға қарағанда 0,7%-ды құрады.

Елордада 2017 жылғы қаңтарда тұрғын үйлердің жалпы ауданының 1 шаршы метрін салудың орташа нақты шығыны 184,9 мың теңгені, оның ішінде жеке салушылармен тұрғызылғаны 239,9 мың теңгені құрады.

 


Back to the list