23.02.2017
«Тұрғын үй құрылысы үлкен қарқынмен дамуда. Аймақта құрылыс жұмыстары 4,2 пайызға өсті. Бұл салаға құйылған инвестиция көлемі 32 пайызға өсті», - деді әкім.
«Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы бойынша 318 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы салынды.
«Сондай-ақ, кезекте тұрғандар үшін екі үй және Тұрғын үй Құрылыс жинақ банкі бойынша тағы бір үй берілді. Қоныс тойын 415 отбасы тойлады. Тағы 325 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған», - деді аймақ басшысы.
Сондай-ақ, К.Көкрекбаевтың айтуынша, ТКШ жаңғырту бағдарламасы тозығы жеткен көпқабатты үйлердің жағдайын жақсартты. Бағдарлама басында жөндеуді 610 үй қажет етсе, қазір 218 үй жөнделді.
Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша 2020 жылға дейін Жаңатас пен Қаратау қалаларында өткен жылы су құбыры мен тұрғын үйлерді жаңғырту жобасы 598 млн теңгеге жүзеге асырылды.