13.02.2017
«Бірінші басымдық – жаяу жүргіншілерге, екінші басымдық – велосипедшілерге, үшіншісі қоғамдық көлікпен жүретіндерге беріледі. Өз автокөлігімен жүретін адамдар кейінгі орында. Барлық көлік-логистикалық жүйе дәл осы бағыт аясында дамиды. «Плейсмейкинг» – бұл қаланы қымбат бағалы көлік айырықтарын, көпірлер мен басқа да құрылыстарды салу жағына қарай дамыту емес, адамдардың тұруы, кез келген уақытта көшеге шығып, серуендеуі, достарымен кездесуі үшін қолайлы ету», - деді Дәурен Қайсаров.
Бұл жобаның негізгі мақсаты – Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы жағдай жасау. Осы ретте, мұндай орындарда адамдардың отырып, демалуына болады. Айта кету керек, барлық 10 аймақ бір-бірімен байланысты болады.
Ақбота Күзекбай