10.02.2017
Атап айтқанда, үстіміздегі жылы Байтұрсынов және Нәжімеденов көшелерінде үш подстанцияны және жылу магистралін іске қосу жоспарланған. Аталған нысандар жаңа т/ж вокзалын, әлемдік деңгейдегі «Кәсіпқор» колледжін, Достық кентін, 4-ші кезеңтегі жылу магистралінің №15,16 сорғыш станцияларын, Батығау, Шығыс құрылыс ауданын, «Жасыл квартал» ТК, апатты және тозығы жеткен үйлерді бұзу бағдарламасы бойынша құрылыс ауданын, ҚИК, ЭКСПО-2017 өткізуге орайластырылған нысандарын электр қуатымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
2019 жылы ЖЭО-1-ді қайта жөндеу және ЖЭО-2-ні кеңейту жұмыстары аяқталады. Нысанда энергия шығындарын және атмосфераға тасталатын лас заттардың мөлшерін азайтуға, жылу көздеріндегі басқару процестерін автоматтандыру деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін түрлі қосымша жабдықтарды орнату қарастырылған.
Сондай-ақ, осы кезеңде ЖЭО-3-тің 1-кезегінің құрылысы аяқталып, оны 2018-2019 жж. жылыту маусымына іске қосу көзделіп отыр.
Әлеуметтік нысандарды 2017-2018 жж. жылыту маусымына дейін орталықтандырылған жылумен қамтуға көшіру үшін ҚазМЗУ университет қалашығына, №61 орта мектепке, №53 «Мерей» балабақшасына, Қан орталығына жылу құбырларын тарту жұмыстары жүргізілуде.
2017 жылы қала аудандарында көптеген жылу магистральдерін қайта жөндеу және ЖЭО-3-тен Ұлы Дала көшесіне дейін 5-кезектегі жылу магистралінің құрылысын жалғастыру жоспарланып отыр.
Аталған жобаны іске асыру құрылысы жүріп жатқан ЖЭО-3-тен жылуды қаланың оң және сол жағалауына, ЭКСПО нысандарына жылу жеткізуге мүмкігдік береді.
«Самал» екі подстанциясының құрылысы да электр қуатымен қамту сенімділігін арттырады, бұл Абай Сембинов Иманов Янушкевич квадратындағы көшелер, ал «Қазбек» ПС іске қосылса, жаңа туберкулезге қарсы диспансер, Железнодорожный кенті, №2 Индустриялық парк, әлеуметтік нысандар және әскери қалашық электр қуатымен қамтамасыз етіледі. Подстанцияны 2018 жылы пайдалануға тапсыру жоспарланған.
Сонымен бірге, 70 таратушы және трансформаторлық подстанциян қайта жөндеу жобалары аяқталады. Бұл жұмыстар қаланың оң жағалауында жүргізіледі. Жобаның мақсаты тозығы жеткен жабдықтарды алмастыру.