06.02.2017
Алматы қаласының Алатау ауданында Универсиаданың басты нысандары – «Алматы Арена» және Атлетикалық ауыл салынды. «Алматы Аренаға» тікелей жақын маңайда 15,6 мың пәтерге арналған шағын аудан, соның ішінде «Ескі үйлер» бағдарламасы бойынша 9 қабатты екі тұрғын үй бой көтерген.
Әкімдікте атап өткендей, 3 жыл ішінде тағы 16 мың пәтерге арналған 279 үй салынбақ. Ойындар өткізілгеннен кейін «Атлетикалық ауыл» 1,7 мыңнан астам отбасы үшін толық әлеуметтік инфрақұрылымы бар қолайлы тұрғын үй кешеніне айналмақ. Емхана, дүкендер, банк және почта бөлімшелері, полиция пункті жұмыс істейтін болады.
Алматыда әсіресе жас отбасылар үшін тұрғын үй проблемасы орын алады. Ойындардан кейін Атлетикалық ауылдың 1748 пәтері кейіннен сатып алу құқығымен қолжетімді жалға берілетін болады.