16.01.2017
Көлік компанияларының өкілдерімен кездесу барысында тасымалдаушылар қала басшылығына Универсиадаға толық дайын екендерін жеткізді. Барлық компаниялар қосымша қысқы рәзеңке мен жанармайды сатып алған болатын.
Сондай-ақ, «Green Bus company» компаниясы толықтай 33 авутобусты қалпына келтіріп, қажетті құралдарға 575 млн теңге жұмсады. Өз кезегеніде, «АвтоАлма-Транс», автобус паркі 32 автобусқа жөндеу жүргізді. Парктің қозғалмалы бөлігіне жақындағы 7 айда жөндеу жүргізілетін болады.
Әуежайды қарау кезінде әкім әуежай басшылығы бұрын айтылған олқылықтарды жою бойынша ауқымды жұмыс атқарды. Мекеме ішінде үш тілде навигация орнатылған. Жүкті алу уақыты қысқартылды. Мүмкіндігі шектеулі жандарға барлық жағдай жасалған.Атап айтсақ, қызмет көрсету орындарында арнайы парақшалар ілінбеген, банкоматтардың жартысы жұмыс істемейді, көптеген нысандарда төлем үшін pos-терминалдар орнатылмаған. Баға үш тілде жазылмаған.Қоғамдық орындарда санитарлық жағдайға аз көңіл бөлінген. Осы кемшіліктердің барлығы шеттетілген.