12.01.2017
2016 жылы Қазақстан елордасында 500 төсек орынға есептелген туберкулезға қарсы диспансер, орталық жедел медициналық жәрдем станциясы, 600 орындық орта мектеп, 375 орынға есептелген коррекциялық интернат, екі балабақша және 540 орындық қосымша құрылыс пайдалануға берілді.
Сондай-ақ, қала әкімінің айтуынша, 2016 жылы Астанада «Мега-Плаза» СОСО, Ұлттық хорекография академиясы, «Ритц Карлтон» көпфункционалдық кешені, Тәуелсіздік монументі және т.б. құрылысы аяқталды.
Бұдан басқа, Қабанбай батыр даңғылын қайта жөндеу жобасы шеңберінде инженерлік желілердің құрылысы бойынша жұмыстар орындалды, бұл көрме кешенін барлық коммуналдық желілерге қосуға мүмкіндік берді.