• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Шығыс Қазақстанда 2017 жылы 57 көппәтерлі тұрғын үй салынады 10.01.2017

«2016 жылы өңірде әлеуметтік-мәдени мақсаттағы 9 нысан салынды. 2017 жылы осындай 27 нысанды салу жоспарланып отыр, оның 17-сі 2016 жылдан өткен, 10 нысан жаңадан салынбақ», - деді И. Валл.

Оның айтуы бойынша, өткен жылы барлық қаржыландыру көздері есебінен облыс бойынша алдын ала деректер бойынша 334,07 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген, соның ішінде жалпы ауданы 206,3 мың шаршы метрді құрайтын 34 көппәтерлі тұрғын үй.

Бұдан бөлек, ол 2017 жылы Шығыс Қазақстанда жалпы ауданы 288,8 мың шаршы метр 57 жаңа көппәтерлі тұрғын үй құрылысын салу жоспарланып отырғанын айтты. Оларға 2016 жылдан өткен жалпы ауданы 414,4 мың шаршы метрді құрайтын 60 көппәтерлі тұрғын үй қосылмақ. Олардың ішінде биылғы жылы 345,8 шаршы метрін пайдалануға беру жоспарлануда.


Back to the list