• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Батыс Қазақстанда  170 отбасы баспаналы болды 09.01.2017

Жалпы көлемі – 10 449,18 шаршы метр. Баспана қала әкімдігінде тұрғын үй кезегіне алынғандарға жəне "Тұрғынүй құрылысжинақ банкі" салымшыларына берілді. Үйдің әрбір кіреберісінде қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында бейнекамералар орналастырылған.

« "Нұрлы жол" бағдарламасының игілігі мол. Жаңа жыл қарсаңында қоныстойын атап өтетіндер көбейді. Жаңа ғана Зашаған кенті тұрғындарына 5 көп қабатты үйді табыстадық. Облыс экономикасы, құрылыс саласы жылдан-жылға даму үстінде. Баспанаға мұқтаж адамдар жаңа пəтерлерге қол жеткізуде. Өңірімізде биыл 230 мың шаршы метрді құрайтын 1500 пəтер пайдалануға берілді. Қоныс құтты болсын! Бұл - біз үшін үлкен жетістік. Жаңа үйдің құрылысын сəтті аяқтаған "СВ Плюс" ЖШС-на алғыс айтамыз», - деді облыс əкімі Алтай Көлгінов.

Сахнадағы салтанатты шарадан кейін пəтерлер иелеріне баспана кілттерін табыстау əрбір кіреберістің алдында жалғасын тапты.


Back to the list