• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Тәуелсіздік жылдарында Алматы облысында 8 млн шаршы метр тұрғын үй салынды 04.01.2017

Қазіргі уақытта Алматы облысында 2 миллионнан астам адам тұрады. Ширек ғасыр ішінде облыста  8,0 млн шаршы метр тұрғын үй салынған, осы ретте 65 мың отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік туындады.

Сондай-ақ осы жылдар ішінде 182 инвестициялық жоба іске асырылып, олардың арқасында 5023 жұмыс орны ашылған.

Осы кезең ішінде ауылдар ішіндегі 390 жол жөнделген. Ағарту және білім беру игілігіне 214 жаңа кітапхана, 136 мектеп жұмыс істейді және биылғы жылы 271 жаңа балабақша ашылған. 6 фармацевтикалық зауыт, 88 амбулатория мен медициналық пункт ашылды.  

Алматы облысы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 1991 жылғы 16,75 млрд теңгеден 2016 жылғы  560 млрд теңгеге дейін өскен. Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі 2,5 есе артқан. Облыста 78 гектар жылыжай салынып, онда облыс тұрғындары үшін жаңа піскен көкөністер өсіріледі. Бүгінгі таңда 72 тұқым өсіру шаруашылығы жұмыс істейді. Жалпы, облыс бойынша 44 мың шаруа қожалығы жұмыс істейді. 


Back to the list