• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Алматы әуежайында  Универсиада-2017-ге дайындық аяқталуға жақын 04.01.2017

Қалалық әкімдіктің ақпараты бойынша  әуежай басшылығы бұрын айтылған олқылықтарды жою бойынша ауқымды жұмыс атқарды.  Мекеме ішінде  үш тілде навигация орнатылған.  Жүкті алу уақыты қысқартылды. Мүмкіндігі шектеулі жандарға  барлық жағдай жасалған.

Атап айтсақ, қызмет көрсету орындарында арнайы парақшалар ілінбеген, банкоматтардың жартысы жұмыс істемейді, көптеген нысандарда  төлем үшін pos-терминалдар орнатылмаған. Баға үш тілде жазылмаған.

Қоғамдық орындарда санитарлық  жағдайға аз көңіл бөлінген. Олардың  көп бөлігі басшылық келгенше дейін жабылып та қалды.

Сапар бойынша әкімнің орынбасары Р.Тауфиковқа  ең қысқа арада  олқылықтарды жою тапсырылды.

Айта кетейік,  өткен жылдың қараша айында Универсиадаға дайындық бойынша  Алматы әкімінің төрағалығымен  қаланың қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.  Шарада оңтүстік астана әуежайының жағдайын жақсарту бойынша тапсырма берілген болатын.


Back to the list