24.12.2016
2016 жылғы қаңтар-қараша аралығында Астана қаласының кәсіпорындары мен ұйымдары 497698,0 млн теңге сомасына құрылыс жұмыстарын (қызметтерін) орындаған. Оның 53,8%-ын – жеке мердігерлер орындаған құрылыс жұмыстары, 46,1%-ын – шетелдік мердігерлік ұйымдар орындаған жұмыстар, 0,1%-ын мемлекеттік мекемелердің жұмыстары құрайды.
Құрылыс жұмыстарының құрылымында жалпы көлемнің 98%-ын – құрылыс-монтаж жұмыстары, 1,2%-ын - күрделі жөндеу жұмыстары, 0,8%-ын ағымдағы жөндеу жұмыстары құрайды.
Құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінде едәуір үлесті тұрғын және тұрғын емес ғимараттардың құрылысы бойынша жұмыстар алады, олар 343332,5 млн теңгені құрады (69%), 44368,5 млн теңге (8,9%) электротехникалық, слесарьлық және басқа құрылыс-монтаж жұмыстарына игерілген.