02.12.2016
Құрылыс жұмыстары 2017 жылдың аяғында толықтай аяқталады.
Қызылорда облысының әкімдігінде хабарлағандай, соңғы 3 жылда денсаулық сақтау саласына бөлінген қаржы 9 млрд теңгеге ұлғайып, 2016 жылы 32 млрд теңгені құраған.
«Қызылордалықтар 2013 жылға дейін сапалы медициналық көмек алу үшін Алматы немесе Астанаға сабылатын. Қазір облыстық медициналық қызмет түрлерін сенімді түрде пайдалануда. 2014 жылы қызылордалық дәрігерлер республикада төртінші болып бүйрек ауыстыру отасын жасады», - деп атап өтті облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.
Оның айтуы бойынша, тәуелсіздік жылдарында денсаулық сақтау саласы бойынша облыста - 109, оның ішінде соңғы 4 жылда 47 нысан бой көтерді. Негізінен олар – аудандық, ауылдық емханалар мен амбулаториялар.