• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Павлодарда апатты тұрғын үйлердің 78 тұрғыны жаңа пәтерлерге ие болды 02.12.2016

Жаңа тұрғын үй «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынды. Құрылыстың құны 756 миллион теңгені құрады. Үйде 51 екі бөлмелі, 24 үш бөлмелі және 3 төрт бөлмелі пәтер бар.

«Қазіргі таңда «Сарыарқа» шағын ауданында тағы да бір үй тұрғындарға берілуге дайындалып жатыр. Сонымен қатар, мұнда жаңа үш үйдің құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ, екі қабатты үйлерді демонтаждау жұмыстары басталып, келесі жылы олардың орнына алты бірдей көп қабатты үйлер салынады», - деп атап өтілді әкімдікте.

Айта кетерлігі, биылғы жылы Павлодарда алты үй қолданысқа берілген. 


Back to the list