28.11.2016
Өңірдің статистика департаментінің ақпараты бойынша, тұрғын үйдің едәуір бөлігі – 302,8 мың шаршы метрді немесе 69,7% жеке құрылыс салушылар, оның ішінде жалпы көлемінде 50,4% құрайтын 219,1 мың шаршы метр халықпен пайдалануға берілген.
Тұрғын үйді пайдалануға беру санының өсуі облыстың тоғыз ауданында байқалады. Едәуір өсуі Төлеби (2,3 есе) және Отырар (2 есе) аудандарында байқалды. 2016 жылғы қаңтар-қазанда көп пәтерлі тұрғын үй құрылысының 1 шаршы метрінің орташа нақты шығындары 106,8 мың теңгені және халық салған тұрғын үйдің шаршы метрі 45,4 мың теңгені құрады.
2016 жылғы қаңтар-қазанда тұрғын үй құрылысына 25580,5 млн теңге салынды. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде тұрғын үй құрылысында игерілген қаражаттың үлесі 9,3% құрады. 2016 жылғы қаңтар-қазанда тұрғын үй құрылысының негізгі қаржыландыру көзінің үлес салмағы 56,8% құрайтын салушылардың меншікті қаражаты болды.