31.10.2016
Құрылыс жұмыстарының (қызметінің) көлемі, қосымша бағалау есебімен 57 741,8 млн. теңгені құрап, 2015 жылдың қаңтар-қыркүйектегі деңгейіне 86,4%-ды құрады. Төмендеу себебі «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автобаны нысандары құрылысында құрылыс-монтаж жұмыстар көлемінің азаюына байланысты.
2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында пайдалануға енгізілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 221,1 мың шаршы метрді құрап, 2015 жылдың тиісті кезеңінің деңгейінен 10,4%-ға артық. Оның ішінде 201,7 мың шаршы метр тұрғын үй халықпен және 11,5 мың шаршы метр - басқа да мемлекеттік емес ұйымдармен тұрғызылды. Инфляция деңгейі 2015 жылдың желтоқсан айына қарағанда 105,8%-ды құрады. Азық-түлік тауарлары бойынша тұтыну бағалары – 4,7%-ға, азық-түлік емес тауарлар – 6,2%-ға, ақылы қызметтер – 6,6%-ға көтерілді.
Облыста инфляция деңгейі республикалық орташа көрсеткіштен 0,2 пайыздық тармаққа жоғары (ҚР – 105,6%). Бюджетке 51,7 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер жиналды немесе болжамға 121,4%, оның ішінде республикалық бюджетке – 23,1 млрд. теңге (болжамға 119,8%), жергілікті бюджетке – 28,6 млрд. теңге (болжамға 122,7%).
Бір қызметкердің орташа айлық еңбекақысы 2016 жылдың 2 тоқсанына 98834 теңгені құрады, бұл 2015 жылдың тиісті кезеңінен номиналдық тұлғалауда 15,3%-ға артып, нақты – 0,5%-ға төмендеген.