• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ақтөбе облысында 9 ай ішінде 3 мыңнан артық пәтер салынған 20.10.2016

Атап айтқанда, ҚР Үкіметінің Ақтөбе қаласының жаңа бас жоспарын бекітуімен Ақтөбе облысының 12 аудан орталығы мен 3 аудандық маңызы бар қаласының (Ембі, Жем, Темір) бас жоспарлары бекітілгені белгілі болды. Одан басқа, халық саны 5 мыңнан астам адамды құрайтын 9 елді мекеннің ішінен 8 елді мекен жаңартылған бас жоспарлармен қамтамасыз етілген. 

«2016 жылы бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік саладағы 88 объектінің құрылысы жүзеге асырылуда. Құрылысқа арналған қаражаттың жылдық көлемі 24 млрд теңгені құрайды, соның ішінде 17,4 млрд теңге – Ұлттық қордан,  1,3 млрд теңге – республикалық және 5,3 млрд теңге – жергілікті бюджеттен. 2016 жылғы 9 ай қорытындылары бойынша қаражаттың игерілуі 13,5 млрд теңгені құраған», - деді С. Төленбергенов.

«Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің құрылысына 2016 жылы 7,6 млрд теңге бөлу көзделген. Электрмен, газбен және сумен жабдықтаудың 143,8 шм  желісін пайдалануға беру жоспарлануда», - деп атап өтті спикер.

С. Төленбергеновтың деректері бойынша, ағымдағы жылы өңірде 11 білім беру объектісінің құрылысы жоспарланған. Оның алтауы пайдалануға берілген, 3-уі жыл соңына дейін салынады, тағы 2-уі 2017 жылы аяқталады. Денсаулық сақтау саласында 6 объектінің құрылысы жоспарланған. Бүгінгі күні 4 медициналық пункт пайдалануға берілген, 1 объект ағымдағы жылғы қарашада енгізіледі.  


Back to the list