• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ОҚО-да 500-ге жуық модульдік үйлердің құрылысы жүрмек (ФОТО) 15.10.2016

Зауытты аралау кезінде корпорация әкімге 500 үйдің құрылысын американдық технология тәсілімен салу туралы және тұрғын үйді қысқа мерзімде және арзан бағаға салуға болатыны, сондай-ақ, баспана маңынан жылыжай салынатыны туралы айтылды.

Осы ретте өңір басшысы осы жобаны жүзеге асыруда әкімдік тарапынан қажетті көмектің көрсетілетінін айтты. Сонымен бірге, ол мұнда дуальді оқыту жүйесі аясында студенттерді тартып, оларды жұмыс орындарымен қамтамасыз ету қажеттігін жеткізді.

Одан басқа, жұмыс тобы көлемі 12 гектар болатын көкөніс жылыжайларын аралап, ондағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіру технологиясымен танысты. Атап айтқанда, қызанақ пен қияр өсірумен айналысатын еншілес компания өнімдерін Шымкенте ғана емес, сонымен қатар Қарағанды мен Астана қалаларында да сатады.

 


Back to the list