• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ақтөбеде жастарға арналған 115 пәтерлік   жатақхана салынады (ФОТО) 10.10.2016

Бес қабаттық мекеме жас мамандар үшін салынып жатыр. Жоба  «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасының үшінші бағытында жүзеге асты. Жатақхана  115 бір бөлмелі және екі бөлмелі пәтерлерден тұрады.  Оның жалпы алаңы 4,1 мың шаршы метрді құрайды. Бірінші тұрғындар  келесі жылы қоныс тойын тойлай алады.

Қазіргі таңда өңірде  әр түрлі салада  жас кадрлардың тапшылығы байқалып отыр. Бұл баспананың жоқтығынан  орын алып жатыр.

Облыс әкімдігінде хабарлағандай, Ақтөбе облысында  жұмыспен қамту және жастарды әлеуметтік қамсыздандыру  бойынша жайлы жағдай жасау  жалғасын табады.

 


Back to the list