05.10.2016
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, осы қаражат есебінен 562 инфрақұрылымдық нысанға жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Жөнделетін ғимараттардың 250 – транспорттық инфрақұрылым нысаны, 97 – білім беру, 28 – мәдениет, 20 – спорт, 15 – инженерлік-комуналдық инфрақұрылым, 12 – әлеуметтік қорғау және 5 – денсаулық сақтау нысандары болып табылады.
Инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуы 3 680 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, оның ішінде 2 мыңға жуық адам жұмыспен қамту орталықтары арқылы орналастырылады.
Бүгінгі күні 83 жобаның іске асырылуы басталды, оның шеңберінде 1 581 адам жұмысқа тұрды, олардың ішіндегі 861 адам - «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына қатысушылар.
2015 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыруға 13,7 млрд. теңге бөлінгенін, жалпы республика бойынша 588 инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып, 8,6 мың адам жұмысқа орналастырылғанын естеріңізге саламыз. 2016 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыруға 80,1 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаражат жобалардың саны ескеріле отырып, жергілікті атқарушы органдардың тапсырыстары негізінде өңірлер арасында бөлінеді.